2015 жылғы 5 наурыз, Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің мемлекеттік мекемелері – обаға қарсы күрес станцияларына қызмет көрсетуге арналған автомобиль және механикалық көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің мемлекеттік мекемелері - обаға қарсы күрес станцияларына қызмет көрсетуге арналған автомобиль және механикалық көлік құралдарының заттай нормалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (Ә.Б.Мәтішев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Т.М.Жақсылықовқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Е.ДОСАЕВ.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
___________ Б.СҰЛТАНОВ
2015 жылғы 10 наурыз
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 5 наурыздағы №187 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің мемлекеттік мекемелері — обаға қарсы күрес станцияларына қызмет көрсетуге арналған автомобиль және механикалық көлік құралдарының заттай нормалары
Көлік құралының типі Функционалдық мақсаты Жұмыс істеп жатқан бір құрылымға көлік құралының шекті саны
Станцияның/ бөлімшенің стационарлық зертханасы Эпидемияға қарсы жасақ Бір станцияға
1 2 3 4 5
1. Санитария-лық жеңіл көлік (оның ішінде жоғары өтімді) Обаға, тырысқаққа және басқа да аса қауіпті инфекцияларға күдіктену кезіндегі шұғыл сапарлар және жұқпалы материалды жеткізу үшін 2 1 X
2. Жүк көлігі (оның ішінде жоғары өтімді) Обаға, тырысқаққа және басқа да аса қауіпті инфекцияларға қарсы тексеру және шұғыл профилактикалық іс-шаралар жүргізу үшін 2 1 X
3. Жолсыз жермен жүретін көлік базасындағы автобакзертхана Шалғай және жету қиын аудандарды тексеру үшін 2-5 жылжымалы құрылымға бір бірлік 2-ден артық емес
4. Су тасығыш Далалық жұмыстар кезінде жылжымалы құрылымдарға су жеткізу үшін 2-5 жылжымалы құрылымға бір бірлік 2-ден артық емес
5. Өзі аударғыш Қатты жанар майды, қатты тұрмыстық қалдықтарды тасымалдау үшін 2-5 жылжымалы құрылымға бір бірлік 2-ден артық емес
6. Жанар-жағар май тасығыш, оның ішінде жолсыз жермен жүретін көлік базасында Далалық жұмыстар кезінде жанар-жағар материалдарын жылжымалы құрылымдарға жеткізу үшін 2-5 жылжымалы құрылымға бір бірлік 2-ден артық емес
7. Шағын автобус Дала жұмыстарына топтарды тасымалдау үшін 2-5 жылжымалы құрылымға бір бірлік 2-ден артық емес
8. Аспалы құралдары бар дөңгелекті трактор Тиеу-түсіру жұмыстары үшін 1
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 10 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10684 болып енгізілді.